10.01.2021, 09:15

Бүгін Мәжіліс депутаттарының сайлауы басталды

Фото: ашық дереккөз
Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады.

10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды. Tengrinews.kz редакциясы процесті бақылап, ең маңызды және қызық жаңалықтарды бөлісіп отырады. 

Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:00-де еліміздің көптеген аймағында сайлау учаскелері ашылды. Бір сағаттан кейін Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында да жұмысқа кірісті. Сондай-ақ шетелде жүрген ел азаматтары да дауыс бере алады.

Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады.

Өзіңіздің сайлау учаскеңізді арнайы сайттан таба аласыз. Ашылған парақшада аймағыңызды таңдап, ЖСН енгізіңіз.