Назарбаевқа ескерткіш қою туралы ұсыныс жасаған 25 жастағы Мәди Ахметовтің «Нұр Отан» атынан депутат болып сайлануы біраз әңгімеге арқау болып жатыр. Қоғам белсенділерің біразы Мәди секілділерге Мәжіліс төрінен орын берудің арты ел ішінде жағымпаз жастар буынын қалыптастыруға әкеліп соғады деп қауіп білдірген. Сол секілді белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызыда оңы менен солын танып үлгермеген жастарды мұндай биік мінберге шығарудың топастық екенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«ПАРЛАМЕНТ - ТОЙХАНА ЕМЕС!
25 жастағы "жағымпазданбай тамақ ішпейтін" балаға Мәжілісте боқ бар ма? Как будто сол бір келелі ой, ұсыныс, пікір, талап айтатындай....
Жалпы Мәжіліске баратындардың жасы 35-тен төмен болмау керек. Парламент - әріп танитындар мен кнопка баса алатындар отыратын балабақша емес!
Парламент - тойхана емес, - бала-шағаңмен шұбырып барып, жағаласып "День победы" деп дарико-хороводпен билейтін!
Парламентте - білім, тәжірибе, мінез, ішкі-сыртқы саясатты, қолданыстағы заңды, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсы білетін, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін терең білетін, мемлекеттің бүгіні мен болашағын зерделей алатын көкірегі ояу, мемлекетшіл, керек десең ұлтшыл Азаматтар отыратын төр!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сондай-ақ ол әлі оңы менен солын танып үлгермеген жастарды мұндай биік мінберге шығарудың топастық екенін айтқан.
«Боқмұрындарды ол төрге оздыру қай топастан шыққан идея? 30% жастар деген сөз - оң-солын ажыратып үлгермеген, қазақты қытайдан айыра алмайтын, жыламай тамақ ішпейтін 25-тегі ләббәйшіл жағымпаз бозбалалар барсын деген сөз емес. Парламентке депутат болу үшін мемлекетке, кемінде, 10-15 жыл еңбек сіңіру керек. Қоғамдық мәселелерге араласып, елге пайдалы ұсыныстар мен талаптар қойып, жұмыс істеген, еңбегі сіңген адамдар ғана лайық. Кезінде "жастар өкілі" деп, Тәңірберген деген актерді де отырғызған... Тупизм...
Мәжілістегі "жастардың" жасы 35-тен төмен болмау керек!!!
Жергілікті мәслихаттарда 25-35-тегі жастардан бірен-саран отырса, бір жөн. Өз аудан, қаласындағы жастар проблемасын көтерсе, шешсе, құба-құп. Ал Парламентке тәжірибелі кадрлар ғана бару керек! "Кадры решают все!" Сол сарыауыз балапандар Дәулеткерей Кәпұлы , Дәурен Қуат, Төлеутай Рахимбековтардың (мысал ретінде айтып отырмын) қолына су құюға жарамайды!!! Олардың тырнағымен салыстыруға келмейді тіпті!!!
Бұл билік қисын (логика) дегеннен жұрдай екенін тағы көрсетті», - деп атап өткен жазба авторы.