$ 443.85  474.3  4.8

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болудан үмітті үзуі мүмкін

Дариға Назарбаеваның кезінде "Nur Otan" фракциясының жетекшісі ретінде вице-спикер болғанын ескерсек, Нығматулин Назарбаеваның орынбасары болуы әбден мүмкін.

"Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын партияның мәжілістегі фракциясының басшысы қызметіне ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

Нұрлан Нығматулин Елбасының ұсынысын кері қайтара қоймасы белгілі. Енді ол Назарбаевтың ұсынысын қабыл алса, Мәжіліс спикері болудан үмітті үзеді. Заң бойынша, фракция басшысы спикер бола алмайды. Спикер ешқандай партияның фракциясына жетекшілік жасамайтын бейтарап болады. Ендігі Спикер кім? Мәжіліске "Nur Otan" атынан өткен депутаттар тізіміне қарап отырып, арасынан "ауыр салмақтағы" бірер ғана кандидатты көре алдық. Ол - Дариға Назарбаева. Оның Мәжілісте қызмет тәжірибесі бар. 2014 жылы Мәжілісте билік партиясы фракциясының жетекшісі әрі вице-спикер болып қызметке сайланды. Одан кейін Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Елбасының тұңғыш қызы соңғы рет Сенатта спикері ретінде басшылықта болды. Былтыр мамыр айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның сенат депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтатқан еді. 

Дариға Назарбаеваның кезінде "Nur Otan" фракциясының жетекшісі ретінде вице-спикер болғанын ескерсек, Нығматулин Назарбаеваның орынбасары болуы әбден мүмкін.

Бәлкім Мәжіліс спикері мүлде Дариға Назарбаева емес, басқа мәжілісмен болса ше? Мысалы "Ақжол" партиясының беткеұстары Азат Перуашев? Бәрі мүмкін.

Дереккөз: oinet.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары