20.01.2021, 08:20

Мәжіліс депутаты шулы заңға қатысты түсінік берді

фото: mezgil.kz
Қоғамда талқыланып жатқан пункттердің көпшілігі заңның жобасынан алынып тасталған.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» заң жобасы туралы түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Мәжілісте қарастырылып жатқан «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» қоғамда қызу талқылануда. Мен Мәжіліс депутаты ретінде заң жобасын зерделеп шықтым. Қоғамда талқыланып жатқан пункттердің көпшілігі заңның жобасынан алынып тасталған. Қоғамдық маңызын ескере отырып, осы заңды қабылдау жұмыс тобына ену жөнінде өтініш жасадым. Заң жобасының ұлтымыздың рухани кодына сәйкес болуы үшін еңбек ететін боламыз", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, толығырақ түсініктемені кейін беретінін жеткізді.

Заң қабылдау процесінің бүге-шігесін осы жерде жазып отырамын. Қоғамға ашық түсініктеме беріп отырамыз, – деп жазды депутат.

Тегтер: заң Депутат