Белгілі заңгер арты үлкен шу-шұрқанға ұласып отырған «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, шу көтеруге әлі ерте. Зорлық- зомбылық жайлы заң әлі қабылданған жоқ. Халықтың ашық талқылауына салу керек. Сондай-ақ ол депуттардың кабинеттерінен шығып, заң жобасына халықтың тілінде түсіндірме жұмысын жасауы тиіс екенін айтқан.
«Бұл заң төңірегіндегі айқай шу билікке де халыққа да сабақ болсын!
Осындай айқай шудың кесірінде заңды әркім өзіне қарай бұрмалайды,біреулер өз наным сеніміне қарсы тұстарды алып тастатып жатса, біреулер өзінің пайдасына керек дүниелерді қабылдатып жатады!
Әрбір шудың артында бір дирижер бар деп үнемі жазып отырамын!
Қандай заң шықпасын халық талқысына ашық шығу керек!
Өкінішке орай бізде заңдар орыс тілінде жазылып, орыс тілінде талқыланады!
Қазақ тілді қоғамға заң жайлы, адам құқығы жайлы қажетті дүниелер жазсаң оқымайды да, тіпті талқыламайды да, оны да мойындау керек!
Керек десең мәжілісте отырғандардың көбісі заңнан хабары жоқ, біразы жағымпазданып өтіп сайланып кеткендер!
Заңның не екенін білмейтін халық бар оны да білесіздер! Өз құқығыңызды біліп жүріңіздер деп кеңес айтсаң, бәрі сен сияқты бәлеқор болу керек пе деп беттен алып жатады!
Заң өз тіліңде жазылып, өз тіліңде талқыланбаса құқығыңның тапталып жүргені жүрген!
Қаншама ана мен бала зорлық зомбылық құрбаны болып өліп кетті. Олар айтты да, арыз жазды заң әлсіз болған соң, көптеген арыздар қаралмай қалған, отбасылық мәселе ғой деп!
Заң әлі талқыланады оған уақыт бар!
Отбасылық зорлық- зомбылық, бала құқығын қорғайтын заңды қатаңдатып, жіті бақылап, май шаммен қарауымыз керек!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол депуттардың кабинеттерінен шығып, заң жобасын халықтың тілінде түсіндірме жұмысын жасауы тиіс екенін айтқан.
«Зорлық- зомбылық жайлы заң әлі қабылдаған жоқ, халық ашық талқылауды талап ету керек!
Халықтың тілінде түсіндірме жұмысын жасауды сұраңыздар!
Мәжілісте отырған депутаттардың бәрінің интернет бетінде парақшалары бар! Ел алдына шығып түсіндірме жұмысын жасасын! Олар сол үшін айлық алып, тегін үйде тұрып жатыр!
Халық кімнен талап етуді үйренетін уақыт келді!
Әр мәселенің жауапты қызметкерлері бар мемлекеттен миллиондап айлық алып отырған солардан талап етіңіздер!
Солар халық алдында Ант берді адал қызмет етемін деп!
Мен екі үш бабына ғана түсіндірме бердім, ол менің жеке пікірім!
Әркімнің пікірін сыйлап үйренейік!
Келіспесең, келіспейтін тұсын айтып өзгеріс енгіз, қоғамның қалыптасуына сенде құқылысың!
Айтпақшы ұйықтап, ауырып отырып заңды қол қойып, өткізіп жібергендер үшін мен жауап бермеймін!
Мықты болсаңдар солардан талап етіңдер!», - деп атап өткен жазба авторы.