Саясат 20.01.2021 сағат 17:00

«Біз жасалуы керек істің бәрін жасадық»: Трамп президент ретінде соңы сөзін сөйледі

ОЛ Джо Байденнен жеңілгенін әлі де толықтай қабылдамады.
«Біз жасалуы керек істің бәрін жасадық»: Трамп президент ретінде соңы сөзін сөйледі
Фото: qamshy.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

АҚШ президенті Дональд Трамп президенттіктен кетер алдындағы қоштасу сөзін айтты, деп хабарлайды Қамшы порталы.

«Біз жасау керек істің бәрін жасадық және өте көп жасадық» деп мәлімдеді. 
YouTube-те жарияланған видеода ол «қатал шайқастарды, ең ауыр жекпе-жектерді» қабылдағанын айтып, «сіздер мені сайладыңыздар» деді.

Трамп қарашадағы сайлаудың нәтижесінде демократ Джо Байденнен жеңілгенін әлі де толықтай қабылдамады. Байден сәрсенбіде президент ретінде ант береді.

Инаугурация қарсаңында Байден Ковид-19-дан қайтыс болған 400 мың америкалықтарға құрмет көрсетті. Пандемиядан қайтыс болғандарға құрмет көрсету үшін Вашингтондағы Линкольн мемориалының алдында 400 шам жағылды.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар