Саясат 21.01.2021 сағат 17:20

«Жағыңа жылан жұмыртқаласын!»: Балғынбек Имашев Алексей Цойға өз ренішін білдірді

Министрлер дәріден жер, маскыдан жер, Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәрігер?
«Жағыңа жылан жұмыртқаласын!»: Балғынбек Имашев Алексей Цойға өз ренішін білдірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сынықтан басқаның бәрі жұғады демекші, халық арасында «Бекшин әулие» атанып кеткен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің сәуегейлігі Денсаулық министрі Алексей Цойға жұға бастаған сыңайлы. Әлсін-әлсін коронавирусқа қатысты жағымсыз жорамалдар жасап тұратын ол алдағы наурыз айына қатысты кезекті сәуегейлігін жасады. Алайда, «жақсы сөз – жарым ырыс» деп білетін қазақ жұрты Цойдың бұл жорамалын «министр тағы да жамандық шақырып отыр!» деп қабылдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Расында да Цойдың жорамалы онша жақсы емес. «Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың науқас тіркеліп, ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін. Бұл сценарий кезінде қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланып отырған жоқ. Ал реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6-9 мың адам вирус жұқтырады деген болжам бар», - деп атап өткен еді. 

Басында айтып өткеніміздей, жұрт министрді жамандық шақырмауға шақырған. Мәселен, айтыс ақыны Балғымбек Имашев өзінің қарсылығын «Цой, жағыңа жылан жұмыртқаласын!» деген жырмен білдірген. 

Бұл туралы ақын өзінің Instagram парақшасында жазды. 

«Қой үстіне бозторғай, 


Цой жағына жылан жұмыртқаласын! 

Цой жыры 

Карантиннің құдірет күші әлдилеп, 
Бар әлемнің суылдатқан жүрегін. 
Адамдарды ойлайды ма зомби деп, 
Екпе салмақ қалдырмастан біреуін. 

Қайырмасы: 

Цой үстінде қатты күндер, қатты күндер, 
Шықпаса екен "наконец!" деп шаттық үндер. 
Кім айтады бұл әлемдік қойылымның, 
Авторлары нақты кімдер, нақты кімдер? 
Вакцинация - боп тұр ажал бесігі,
 Біліп алдық Билл Гейтстің ойларын. 
ВОЗ дегенің - барлық дерттің есігі, 
Орындаушы болмаса екен Цойларың. 

Қайырмасы: 

Министрлер дәріден жер, маскыдан жер,
 Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәргер? 
Кім ауырад, кім өледі, қашан өлед, 
Шеттерінен бақсы-балгер, бақсы-балгер. 
Цой үстінде нақты кімдер, нақты кімдер?
 Басқарып тұр әлемдегі БАҚ-ты кімдер? 
Жалғандықты жалау етпей журналистер, 
Қара қылды қақ тіліңдер, қақ тіліңдер! - деп жырлаған ол.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар