Саясат 22.01.2021 сағат 00:20

Экс-депутат Қазақстанда оппозициялық үкімет құратынын мәлімдеді

Баламалы үкімет мүшелерін халық сайлайды.
Экс-депутат Қазақстанда оппозициялық үкімет құратынын мәлімдеді
фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев "Ел тірегі" оппозициялық партиясын құратынын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Бұған дейін "Nur Otan" партиясынан қуылған ол бүкіл ТМД аумағында болмаған тың бастама көтеріп отырғанын жеткізді. Сөзінше, үкіметтің мұндай балама түрі Еуропаның дамыған елдерінде жиі қолданылады. Мысал ретінде Ұлыбритания мемлекетін келтірген ол бір ай ішінде оппозициялық үкімет құратынын айтады. Сондай-ақ бұрынғы мжәлісмен өткен парламент сайлауында жаңа құрылған үкімет құрамы "ешқандай жаңармаған, құр көзбояушылық" деп санайтын көрінеді.

Әлтаев қаржыландыру мәселесі халыққа тәуелді болатынын қосты. Бұған қоса, баламалы үкімет мүшелерін халық сайлайды екен. 

"Біз сол әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы,  сайлау арқылы сол министр, кім көп дауыс жинайды, сол біздің оппозициялық үкіметте министр бола алады. Бұл жерде тек халық шешеді. Мен шешпеймін, басқа азаматтар шешпейді, партияның ішіндегі азаматтар шешпейді. Тек халық өзі шешім қабылдап, дауыс беріп, сол дауыс беру арқылы шешілетін болады", - деді "El Tiregi" қозғалысының төрағасы Нұржан Әлтаев.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар