Қаңтар айының соңына дейін зейнетақы жинақтарын емделуге мерзімінен бұрын алу ережелері дайындалады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Олар айдың соңына дейін күшіне енетіні белгілі. Қазір оны мемлекеттік органдар талқылап жатыр. Содан кейін денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы әділет министрлігінде тіркеледі. Ұсыныстар сайтта жалпыға қол жетімді болды, оларды талқылады. Негізінде, сирек кездесетін аурулар, стоматологиялық қызметтер бар екенін бәрі көрді. Ересектерге денсаулығын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін кең спектр", - деді Ләззат Ибрагимова.
Бұған дейін зейнетақы жинақтарын жер учаскелерін сатып алуға және үй жөндеуге пайдалану мүмкіндігі туралы жаздық.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарда "Отбасы банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша онлайн-платформаны іске қосатыны хабарланған, онда қазақстандықтар өз өтінімдерін қалдыра алады.