«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады.
Кездесуде Тұңғыш Президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ғылымды дамыту мен жастар тәрбиесі бағыттарын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды.
Сондай-ақ, Елбасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар жайында ақпарат берілді.