ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.