Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің түкпір-түкпірінде болып жатқан, халықты қатты толғандырып отырған ең маңызды проблемалардан толық хабардар екен. Президенттің кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне қатысты ақын, Президент жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі Ауыт Мұқибек осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.
Жұмыстан түскен соң Президенттің аталған жиналыста сөйлеген сөзін мұқият оқып шықтым.
Ең қатты риза болғаным, Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің түкпір-түкпірінде болып жатқан, халықты қатты толғандырып отырған ең маңызды проблемалардан толық хабардар екен.
Бұл – «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының салтанат құра бастағандығының белгісі деп бағалаймын.
Міне, соның арқасында Қызылорданы қыспақтан шығарудан бастап, тарих пәні оқулықтарына дейінгі біраз мәселенің беті ашылып, шешім жасалды.
Егер, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы тапсырмалары толық орындалса, біз бүгінгі пандемия туындатқан дағдарыстан тез шығып, жаңа бағытқа жол тартамыз", – дейді Ауыт мырза.
Сонымен қатар ол Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құру бастамасына да үлкен сенім білдірген.
"Осы жерде бір мәселені айта кеткім келеді.
Президент Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды. Өте дұрыс шешім болды. Мақсат – жемқорлықты тізгіндеу екені белгілі. Және бұл шешім жең ұшынан жалғасқан жемқорлық індетінің қай деңгейге жеткенін де көрсетіп тұр.
Мен агенттік құрумен бірге, заңнамаларға түбегейлі өзгеріс енгізіп, басы артық анықтамалар талап ету мен жоба жасап әкелуді талап етуге апарып соқтыратын нормаларды түп-тамырымен жоғалтуды ұсынар едім. Қысқасы, экономикалық табыс әкелетін азаматтар анықтама жинап, жоба жасап әуре болмауы тиіс. Есесіне, мұндай мәселелер туындаса, оны атқарушы биліктің өзіне міндеттейтін жүйе қалыптасқанда ғана, жемқорлық жоғалады...", – деп атап өткен