Белгілі спортшы Қуат Хамитовтың партия құру туралы бастамасы жұртшылық арасында үлкен қолдау тауып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист Қанат Рамазанның айтуынша, Қуат өз намысын саудаға салмайтын жігіт.
«Мен де Найманмын... Қанат найманмын. Бірақ, Қуаттың орнында Арман Оспанов немесе Сергей Морозов болса да қолдар едім.. Себеп пе? Себеп іздесең жетеді. Оййй, жеткенде қалай жетеді де... біздің елде бәрі кілкіп бетінде жатыр. «Тәуелсіздік» деп масайрап жүріп, Ернар Айдарша айтқанда «мән бермейтін» қоғам құрып алдық. Өзіміз ертегі айтып, өзіміз сене бастағанымыз да өтірік емес.. Иә.. жас ел шығармыз, отызда ғана шығармыз... ну, бірақ, «ептиалмайттың» отыз жылы сенің де, менің де, басқаның да «отыз жылын» «ертегімен» әшекейлеп, «дамыған отызға» кіреміз деп басқа есікке сүйреп бара жатқаны өтірік емес қой.. Ей, ағайын... Хабар арнасының жаңалықтарын жүргізіп отырған диктордың өзі «жарқын күн» ертең келеді десе сенбейді. Гарантия берем.. Қуат Найман соны ғана айтумен келе жатыр. Ну, сондай жігіт ол... жата алмайды. Көріп тұр себебі.. Бүгінгі күнін ғана ойлап, бір тірлікті қазып жата беретін біз сияқты емес. «Айтпаса сөздің атасы өледі» емес пе... Айтады, жазады, оқыған тоқығаны бар... артында елі бар. Елдің ішіндегі, халықтың арасындағы ауа райын депутаттардан жақсы біледі ол…»- , деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сондай-ақ Қуат секілді биік белестерді бағындырған спортшылардың хайп қуып, қу дүниеге жарнама жасап ұсақталып жүргеніне өкініш білдірген.
«Ал, неге Қуат? Неге Оспанов емес.. неге Рахмонов емес... неге Головкин айтпайды.. неге Елеусіновтер «жанармайды» жарнамалағанына риза боп жүр.. Олар не біздің елдегі проблеманы білмейді дейсіздер ме? Білгенде қандай.. просто біреуіне жәй «пох» ал, екіншісі әлі «тым сабырлы». Енді сонда кім айтады..? «Қандай халық сондай басшы» немесе «Мықты болсаң өзің істе» дейтін ақылгөйлер мен, «айтсақ тек жақсы сөз айтайық» немесе «осы күнімізге зар болып қалмайық» дейтін данагөйлерлерден шаршап болды ғой халық.. Халықтың абыржыған түріне тым болмаса грим жасап беретін өкімет бар десе сенесіз бе.. Мен сенбеймін. Иә.. «әр адам өзінен бастау керек» дейтін шығарсыздар. Бірақ.. алыс түпкірлердегі ауылдарға барсаңыздар немесе қаладағы біреулердің сарайын жалдап жанұясын әрең баққандарды көрсеңіздер «өзінен никак бастай алмайтынын» түсінер едіңіздер. Баяғыда «үдемелі экономикалық индустриялық даму» деген бағдарлама болған. Президент лентасын қиған зауытқа бір аптадан соң топырлап, микрафон ұстап біз баратынбыз.... баратынбыз да шошитынбыз. Ашылғанына апта болған зауыттсымақ біз барғанда жабылып тұратын.
Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов партия құратынын мәлімдеді
Айта берсең... факті жетеді. Бірақ, адамның ғұмыры тым қысқа... Жақсы жазады екенсің, «билікшіл блогер бола қалсай, бауырым» дегендер де болған. Жоқ, азаматтық ар намысым басқа менің.. атамның кішкентайдан сіңірген ақылы бұл қисайған системадан биік мен үшін. Мінезім мен намысымды саудаға салмаймын. Қуат Найман да солай деп ойлаймын өз басым.. көрген соң айтады. « Хайп қуып жүр» деп «балалығын» білдіріп жүр біреулер. Хайп Қуатқа керек емес.. кейде «октагондағы қарсыласың» мен «сабинаның сиқырынан» еліңнің мүддесі асып түсіп жатады.. жүрегің «ұлтшыл» болса қайтесің.. «Арабтар сияқты өмір сүрейік» деген сөзді айтқан Қуат болғанымен, бәрің солай ойлайсыңдар. Тікелей эфирден Бекшин көрінсе «бетін бүркей» қалатын тағы бір жасқаншақ қоғам пайда болып бара жатыр қазір.. Ал, мұның бәрі кімдерге пайдалы екенін ішіңіз сезетін шығар, құрметтілерім... Қысқасы, Қуат Найман жүз пайызға прав! И это не обсуждается! «Шилі өзен қамыс- ай..лап» өлеңдетіп отырса берсек, ой, как қиын болады бізге.. ой, как қиын болады.. ағайын.. А, айтпақшы Хамитовты «дезинфекторшылдығы» үшін соттаса, ол да біздің биліктің «тупойлығы», - деп жазған жазба авторы.