Саясат 01.02.2021 сағат 17:40

Журналист шенеуніктердің вакцина алу науқанын «ажалдың жарнамасына» теңеді

Алексей Цойдың шабармандары жаппай екпе салдырып жатыр. Анығын айтқанда, бұл ажалдың жарнамасы секілді көрінді.
Журналист шенеуніктердің вакцина алу науқанын «ажалдың жарнамасына» теңеді
Фото: facebook.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін елімізде ковидке қарсы жаппай вакцинация жұмыстары басталып кетті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың екі бірдей орынбасары Ажар Ғиният пен бас санитар әрі вице-министр Ерлан Қиясов өздеріне Ресейлік «Спутник-V» вакцинасын салғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтпақшы, түс ауа Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров және қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев бастаған біраз шенеуніктің екпе салдырғаны белгілі болды. 

Әрине, вакцина ерікті түрде салынады. Адамды еркінен тыс мәжбүрлеуге болмайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның келісімімен ғана жүргізіледі. 

Бірақ соған қарамастан, кейбір өңірлерде мүжбүрлі түрде вакцинаға таңу оқиғалары болып жатқанға ұқсайды. Бұл туралы журналист Ербол Мәндібек өзінің facebook парақшасында жазған. 

Оның айтуынша, кей өңірлерде мұғалімдер мен дәрігерлерге «вакцина салдырмасаңдар жұмыстан шығасыңдар!» деген ескерту берілді деген сыбыстар айтыла бастаған.

«Мұғалімдер мен дәрігерлерге «вакцина салдырмасаңдар жұмыстан шығасыңдар» деген бейәңгіме вацап желісінде желдей есіп жүр. Тіпті, кейбір таныс-тамырларым звондап осының жөнін сұрап жатыр. 

Оқи отырыңыз: Бүгін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Бір нәрсе анық. Қазақстанда адамдар коронавирустан емес, жемқорлық жайлаған Үкіметтің кесірінен қырылып қалды. Өлген адамдардың мәліметін жасыруы мүмкін. Өткенде Тоқаев, коронавирустың шынайы статистикасын беріңдер деп Үкіметке бекер жекіген жоқ. 

Ал енді, вакцинаның өтемақысы туралы. Біздің Үкімет екпеден тіл тартпай кетсеңдер 500 мың береміз деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Оның өзінде вакцинадан өлгеніңді дәлелдеп барып кету керексің. 

Салыстырмалы түрде. Сингапур билігі вакцина салдырып қайтыс болған азаматқа 170 000 АҚШ долларын төлейтінін ресми мәлімдеді және Үкіметіне екпені ерекше ептілікпен салуды қатаң ескертті. 

Бүгін Алексей Цойдың шабармандары жаппай екпе салдырып жатыр. Анығын айтқанда, бұл ажалдың жарнамасы секілді көрінді. 

Өмірі өлімге ұқсас, арып-ашып жүрген қазақты 500 мыңмен қызықтырған түрлері ғой. Қайтейін... », - жазған ол өзінің facebook парақшасында.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар