$ 449.58  486.94  4.86

«Сапасыз тауардың жарнамасын еске түсіреді»: блогер вакцинаны науқаншылдыққа айналдырған шенеуніктерді сынға алды

Мысалы маған бұл бір тауарды өткізе алмай жатқан сияқты көрінеді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Бүгін елімізде ковидке қарсы жаппай вакцинация жұмыстары өте қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Насихаты да сондай деңгейде. Шенеуніктер де бірінен кейін бірі жұрт алдында ашық түрде екпе қабылдап, өзара бәсекеге түскендей болып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда кейбір сарапшылар аса жауапты дүниені әдеттегідей үйренші науқаншылдыққа айналдырудың арты қоғамға кері әсер етуі мүмкін екенін айттып жатыр. Мәселен Аршат Ораз есімді блогер бұл науқанды агресивті жарнама деп қабылдаған. Блогердің айтуынша, бұл сапасыз тауардың жарнамасын еске түсіреді.

«Вакцина салуды агрессив насихаттауды түсінбедім. Ақылы посттар, басты жаңалықтар, басшылармен фотолар...
Адамдар онсыз да өздері салғызқысы келмей ме? 

Мысалы маған бұл бір тауарды өткізе алмай жатқан сияқты көрінеді. «Бізге сенбейсіңдер ме не, ептібайымайттар?» деп жатқандай.
Кері әсер бермеу үшін былай істемеу керек еді ме деймін. Вакцина жалпы керек нәрсе ғой. Тек неге бұлай, білә?», -  деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сол секілді, белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өз жазбасында шенеуніктерге салынып жатқан екпенің шынайылығына сенімсіздік білдірген. 

«Екпе ектіріп жатқан, әкім-қаралар!
Фото-отчет қабылданбайды!
Тікелей эфирде видео-отчет жолдаңыздар!


Екпені қорабынан алып, қандай екпе екенін дәрігер-бике айтып, сол жерде ашып, сол жерде шприцке «құйып», сол жерде салсын. Видео үзілмей, басқа кадрға ауыспай жалғассын. Сонда салдырып жатқандарыңыз, шынымен, екпе екеніне 30% сенеміз...


Пысы: Инстадағы тікелей эфир де қабылданбайды. Кешке дейін инстаграмдағы әкім-қараларды аңдып отыратын уақыт жоқ. Инстада тікелей эфир 1 тәуліктен кейін жойылып кетеді. Факт қалмайды. Сондықтан ФБда тікелей эфир жасасын және видео парақшасында, кемінде, 1 жыл сақталсын», -  деп атап өткен өзінің жазбасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары