$ 494.87  520.65  4.91

Елімізге Ресейдің премьер-министрі келді

Бұл Ресей үкіметі басшысының биылғы алғашқы шетелдік сапары.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Алматыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл Ресей үкіметі басшысының биылғы алғашқы шетелдік сапары.

5 ақпан күні Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді, онда, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарығының интеграциясы мен жұмыс істеуі мәселелері қаралады. ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жою тақырыбына, сондай-ақ одақтың кедендік-тарифтік реттеу саласындағы шарттық-құқықтық базасын жетілдірудің жекелеген мәселелеріне ерекше назар аудару көзделеді.

Бұдан басқа, Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Михаил Мишустинмен кездесуде ЕАЭО цифрлық күн тәртібін және коронавируспен күреске қатысты осы саладағы ұсыныстарды талқылайды. 

Сондай-ақ Мишустин Қазақстанға сапары кезінде 5 ақпанда өтетін Digital Almaty 2021 цифрлық форумына қатысады.

Ресей премьер-министрі Қазақстанның цифрлық форум өткізу жөніндегі бастамасын құптап, қатысушыларды қызықты күн тәртібі күтіп тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, ЕАЭО мүшелері одақтың цифрлық күн тәртібін құру бойынша көп күш жұмсаған.

"Біз ковидке, ковидсіз саяхаттауға қатысты жасалған әзірлемелер мен ұсыныстарды қарастырамыз", - деп толықтырды Ресей Министрлер кабинетінің басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан 2021 жылы ЕАЭО органдарына, соның ішінде үкіметаралық кеңеске төрағалық етеді. Үкіметаралық кеңестің алдыңғы отырысы 2020 жылғы 4 желтоқсанда бейнеконференция арқылы өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары