$ 494.87  520.65  4.91

Әлия Юсупова жаңа қызметке тағайындалды

Юсупова жаңа қызмет ол үшін күтпеген жағдай болғанын және бұл жаңа сынақ екенін атап өтті.

Афины мен Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Әлия Юсупова Қазақстанның гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Бұл жөнінде республиканың Ұлттық олимпиада комитетінің сайты хабарлады.

Белгілі болғандай, басшыны сайлау федерацияның есепті конференциясы кезінде өткен. Бұған дейін федерация басшысының қызметін Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова атқарып келді. Айта кету керек, Шаяхметова он жыл бойы – 2011 жылдан бері осы қызметте болды.

Юсупова жаңа қызмет ол үшін күтпеген жағдай болғанын және бұл жаңа сынақ екенін атап өтті.

"Мен команданың бас бапкері міндетін де одан әрі жалғастыра беремін. Себебі, менің жаңа қызметім қоғамдық қызмет болып табылады. Менің тәжірибем, білімім мен күш-қуатым, сондай-ақ, федерация мүшелерімен бірлескен жұмыс алда тұрған көптеген міндеттерді шешуге ықпал теді", – деді 36 жастағы Юсупова.

Әлия Юсупова Қазақстанның көркем гимнастика командасының бас бапкері қызметін атқаруда. Ол еңбек сіңірген спорт шебері, Афины (2004) мен Бейжіңдегі (2008) Олимпиада ойындарына қатысушы және Қазақстан мен Азияның, сондай-ақ, Азия ойындарының чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары