$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік шенеунікке Қазақстан азаматтығы қайтарылатын болды

Оған мұндай мүмкіндік уақытша сот жұмыстары аяқталғанша беріліп отыр.
фото: zanmedia.kz
фото: zanmedia.kz

Шымкентте жоғары лауазымды шенеунікке, Қазақстан азаматтығы қайтарылады. Қалалық «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының басшысына мұндай мүмкіндік уақытша сот жұмыстары аяқталғанша беріліп отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Бұл туралы басы дауға қалған Олег Почиваловтың өзі, бүгін баспасөз жиынында мәлімдеді. Бұған дейін оны ел азаматтығынан айыру мәселесі көтерілгенін айтқанбыз. 

Еске салайық, өткен аптада полиция «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының басшысы Ресей азаматы дегенді айтқан. Алайда шенеунік мұны теріске шығарған-тын. Шенеунік құқық қорғау органындағылардың бұл дерегін жалған, өзіне қарсы ұйымдастырылған әрекет деді. 

"Ақпарат құралдары мен ғаламторда тараған деректің бәрі жалған. Бұл бізге қарсы топтың, яғни қаланың игілігі мен азаматтарымыздың, спорттың дамуы үшін жұмыс істегісі келмейтіндердің әрекеті. Мен Қазақстан азаматы болғанмын және бола да беремін. Түсіндіңіздер ме?", - дейді  Шымкент қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Олег Почивалов полицейлердің үстінен прокуратураға шағымданған. Шенеуніктің адвокаты Ресей тарапы ұсынды делінген құжаттың бұрмаланғанына сенімді. Жазбаша мәліметте оның көрші елдің азаматтығын алғаны туралы айтылған деп көрсетілгенімен, құжаттарда сәйкестік жоқ деді заңды өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары