Елорда әкімінің орынбасары Бахтяр Мәкен қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
«ҚР мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мәдениет басқармасының экс-басшысына қатысты сот шешімі шыққаннан кейін осы саланы басқаратын әкімнің орынбасары Б. Макен отставкаға кетуі тиіс. Алайда әкімдіктің әлеуметтік маңызы бар, білім, дін, жастар саясаты, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындармен жұмыс жасайтын салаға жетекшілік жасаған Б. Макен кезінде көптеген маңызды жұмыстар атқарылды. Осы жағдай ескеріле отырып Б. Макеннің отставкасы қабылданбады. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды», - делінген әкімдік хабарламасында.