$ 443.85  474.3  4.8

Туризм комитетінің «Орел и Решка» телешоуына 893 млн теңге төлегені рас па?

Туризм комитетінің сайтында «Алматы және Маңғыстау облыстарында «Орел и Решка. Чудеса света» атты екі шығарылым ұйымдастырылғаны анық жазылған.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақ үкіметінің «Орел и Решка» телебағдарламасына екі сағаттық жарнамалық фильмі үшін 893 млн теңге немесе 2 миллион доллар төлепті деген ақпарат рас болып шықты.

Журналист Алмас Алтай өзінің facebook парақшасында әрқайсысы екі сағаттық жарнамалық екі фильм үшін осыншама қаржы жұмсалғанын жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өткен жазда ма еді, «Алматы мен Ақтауға «Орел и Решка» келді» деп жыртылғанымыз? 
Тонап кетіпті ғой, аказца!

Kazakh Tourism деген мекеме бар. Жалпы, туризм бағытында қызмет атқарады. Бюджетін көрсеңіз нөлдерден шатасасыз, алайда, келген туристер санына қарасақ Өзбекстанды айтпайық, Қырғызстанның артындамыз.

«Орел и Решканы» сол мекеме шақырған көрінеді. Әлбетте, мемлекеттің ақшасына. Аноу тақырып боп тұрған сомаға...

Туризм агенттігінің сайтында жазылған дейді. «Орел и Решка» бағдарламасының екі саны Алматы және Маңғыстау облыстарында түсірілді....»
Әрине, 2020 жылғы бюджеттің бүге-шігесін жазбаған. Алайда, цифрландыру мен насихаттауға 893 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ (!!!) жұмсалыпты!!!

2020 жылдың кемінде алты айында ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ШЕКАРАЛАРДЫ ТАРС ЖАПТЫ, ТУРИЗМГЕ ТИЫМ САЛЫНДЫ! Сонда біздікілер анша ақшаны қай уақытта не мақсатқа жұмсап үлгерген, әнәссс???

«Орел и Решкаға» сонша ақша төлейтіндей сорлымыз ба?

P.S. Маңғыстау облысының туризм басқармасына да бір зерттеу арнау керек екен! Шуы тым көбейіп кетті...» , - деп атап өткен ол facebook парақшасында. 

Айтпақшы, бұған дейін бұл сыбыстың растығын PROTENGE телеграм-каналы да жазған болатын. Аталмыш дерек көзінде украиналық бағдарлама Қазақстанға Kazakh Tourism мекемесінің шақыртуымен келгені жазылған. 

«Туризм комитетінің сайтында «Алматы және Маңғыстау облыстарында «Орел и Решка. Чудеса света» атты екі шығарылым ұйымдастырылғаны анық жазылған. 2020 жылғы шығын бойынша екжей-тегжейлі есеп жоқ, есесіне жалпы (жобаны) ілгерілету мен цифрландыру бағасы 893 млн теңге немесе 2 миллион доллар екенін көруге болады», - делінген телеграм-каналдағы жазбада.

Естеріңізде болса, 2020 жылғы 8 желтоқсанда және 2021 жылғы 2 қаңтарда бағдарламаның «Южный Казахстан. Орёл и Решка. Чудеса света» және «Западный Казахстан. Орёл и Решка. Чудеса света» түсірілімдері шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары