Саясат 12.02.2021 сағат 17:20

«Үкіметтің негізгі мақсаты – барлық байлықты сатып, халықты өндіріс құралдарынан айыру» – экономист

Сыртқы қарыздарды мемлекет жер сатпаса өтей алмайды. Өтей алмаса, бұл қарыздар халықтың және оның келешек ұрпақтың мойнында қалады.
«Үкіметтің негізгі мақсаты – барлық байлықты сатып, халықты өндіріс құралдарынан айыру» – экономист
Фото: azattyq.org
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазіргі таңда еліміздің эпидемиологиялық ахуалы ғана емес, экономикалық жағдайы да қиын болып тұр. Шенеуніктер «бәрі қатаң бақылауда, жағдай тұрақты» деп күндіз-түні сарнап жатқанымен әлеуметтік маңызы бар дүниелердің барлығы қымбаттап жатыр. Мамандардың айтуынша, еліміздегі қымбатшылықтың басты себебі инфляцияның дұрыс есептелмеуі. Статистика агенттігі халыққа тек өтірік ақпараттар берумен айналысып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі экономист Айман Тұрсынхан еліміздегі инфляция индексінің шын мәнінде 7 емес, 22 пайыз екенін айтады.

«Отырыста инфляция деңгейі 7% делінгені - өтірік. Түсіндірейік:

Үкіметтің есебі - ақымақтың есебі. Нанның бағасы кеше 70 тенге еді, бүгін 105 теңге. Яғни, нан  30-35% қымбаттады. Ал, Үкіметіміз 7% инфляция дейді. Нанның бағасын доллармен алып 7% деп отыр. Мысалы күнбағыс майы 40 теңгеге, ет 20% қымбаттады,т.т. Барлық тауарлардың инфляциясын доллармен есептеп отыр, құнсызданған - доллар емес, теңге ғой, неге теңгені негізге алады. Жалақы мен зейнетақымызды да теңгемен аламыз. Бүгінгі доллар теңгеден 30% қымбат.

Қазақстанға займдар мен кредиттер берген Халықаралық банкілер мен институттар біздегі тұтыну бағаларын теңгемен есептейді. Дүниежүзілік банк  Қазақстандағы инфляция индексі 22% дейді.  Оған  ай сайынғы қолымыздағы азық-түлік чектері  куә», - деп атап өткен жергілікті басылымдардың біріне берген сұқбатында.

Сондай-ақ ол үкіметтің дағдарыстан шығу жолын қарастырмай отырғанына өз наразылығын білдірген. Айтуынша, мұңын тетіктері өте көп. Бірақ үіметке ол керек емес. Барлық жағдайға халықты кінәлап қойып, білгендерін істеп отыр дегенге келтірген.

«Үкімет бюджеттің орындалмайтынын  айтты. Себебін халықтан көріп отыр. Министр Досаев: - «Инфляцияға халық кінәлі». Әбілқасымова: -«Халық үкіметке масыл болып отыр». Исекешев: - «Халық жұмыс істегісі келмейді». Келімбетов: - «..кім еңбек етпесе, өлгені дұрыс». Көріп отырсыздар, ресурстарды әділ бөлу деген ұғым оларда жоқ.

Дамыған елдерде кедейдің кедейленбеуін, байлардың шық бермес шығайбайларға айналмауын қадағалайды. Ел байлығын халықпен әділ  бөлісу үшін салық тәсілдерін қолданады,  кредиттік тонауды болдырмайды. Бізді кедейлендіріп ашындырып отырған осындай мемлекет бізге керек пе!?

Дағдарыс шыңырауынан шығу жолы айтылмады

Біздің Үкімет - «Ұрылар тобы» (компрадорская шайка), оның мақсаты барлық байлықты сатып, халықты өндіріс құралдарынан, күн көріс көздерінен айыру. Жерден айырып - ауылдықтарды тұншықтыра түсу. Қалалықтар аш құрсақ қалыпқа түседі. Себебі, жерден айырылған ауылдықтар оларға азық-түлік бере алмайды.  Қалалықтарға ешкім тауар мен қазмет көрсетулеріне тапсырыс бере алмайды. Салық қысымы мен ломбардтық - кредиттік жүктеме артады. Жаппай үмітсіздік пен кедейшілік батпағына батамыз»,  - дейді экономист.

Айтпақшы, бұл сұхбатында Айман ханым сыртқы қарыз мәселесіне де үлкен алаңдаушылық білдірген. Себебі, қыруар қарызды өтеу үшін жерді сатуға тура келеді.

«Сыртқы қарызымыз, 2020 жылдың соңында еліміздің экономикалық әлеуетінен 28% асып түсіпті (дефольтке тақау). Себебі неде?

Ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) есептеудің өндірістік тәсілі деген бар. Елдің бюджеттік заңында оны есептеуде теңгеміз негізге алынған. Бұл нонсенс! (жөнсіздік). Әлемнің 210 мемлекетінде, халықаралық есеп-қисапқа АҚШ долларын қолданады.

Минфин мәліметі: Елдің мемлекеттік  және  мемлекет гарантиясындағы қарыз 01/01/2021 жылы $51 млрд (Т21,5 трлн) болды делінген. Тарқату: Оның мемлекетік қарызға жататыны - Т16,66 трлн, Ұлттық банк қарызы –Т2,9 трлн, жергілікті атқарушы органдарының қарыз портфелі –Т7 трлн. Мемлекет гарантиясындағы  қарыз Т0,877 трлн. Мемлекеттің тапсырысымен болған қарыздар –Т29 мрлд.

Енді осыралды тарқатайық:

Ағымдағы нақты барлық сыртқы қарыз $168 млрд (Дүниежүзілік банк дерегі). 2020 жылғысы $131 млрд. Нақты сыртқы қарыз елдің экономикасынан 28 % асып тұр.Минфиннің айтып отырған  мемлекеттік қарыздарын ($51 млрд) Дүниежүзілік банктің мәліметімен салыстырсақ, Үкіметтің мәліметіндегі  мемлекеттің барлық сыртқы қарыз түрлері $97 млрд-қа аз көрсетілген.

Халықаралық даму институттарының шығарып жатқан арнайы евробондарына,  Азия даму банкісі мен Дүниежүзілік банк өзара келісіммен,  біздің 10 миллион салымшылары бар Зейнеткерлік қорды  (ЕНПФ) өз иеліктеріне ешқандай гарантиясыз алып жатыр.

Сыртқы қарыздарды, мемлекет жер сатпаса, өтей алмайтыны белгілі. Өтей алмаса, бұл қарыздар халықтың және оның келешек ұрпақтарының мойнында қалады», - деп атап өткен ол өз сұхбатында.

Ескерту! Экономист Айман Тұрсынханның «ДАТ» басылымына берген бұл сұқбаты орыс тілінде жарияланған. Оны қоғам белсендісі, геология саласының ардагері Болат Жүгініс қазақшаға аударып, өзінің facebook парақшасына салыпты. Материал осы аударма негізінде дайындалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар