Саясат 16.02.2021 сағат 00:16

Тоқаев Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын.
Тоқаев Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көшін алға бастаған қаламгердің бірі болды. Өрелі өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар