18.02.2021, 14:20

ҚР СІМ Сирия бойынша мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз
СІМ баспасөз қызметі Қазақстан тарапы Астана процесі қағидаттарын берік ұстанатынын мәлімдеді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды.

«2021 жылдың 16-17 ақпанында Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері - Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президенттік сайлау алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды», - делінген хабарламада.

СІМ баспасөз қызметі Қазақстан тарапы Астана процесі қағидаттарын берік ұстанатынын мәлімдеді.