$ 447.4  477.55  4.76

Орал-Атырау тас жолында жол апаты болып, 6 адам қаза тапты

Оқиға Тайпақ ауылына жақын маңда болған.

Батыс Қазақстан облысындағы Орал-Атырау тас жолында ірі жол апаты болып, салдарынан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға Тайпақ ауылына жақын маңда болған. Toyota мен Лада автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан оқиға орнында 6 адам қаза тапқан. Тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Жол апатының өзге де мән-жайы енді анықталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты