$ 442.05  474.14  4.74

«Көк бөрінің белгісін фашистік нышан деп түсінетін шенеуніктер бар екен» – журналист

Орысшадан басқа тілді аса түсіне бермейтін біздің сарапшылар соларды оқып отырып бозқұрттарға «фашистік ұйым» деп «пәтуа» шығара салған сияқты.
Фото: qazaquni.kz
Фото: qazaquni.kz

Соңғы кездері елімізде түркітілдес елдердің басын біріктіру мақсатында «Тұран армиясы» және «Тұран түркі халықтары одағын» құру секілді дүниелер жиі айтыла бастады. Осыған байланысты жастар арасында әлеуметтік желілерде көк бөрінің белгісін көрсетіп суретке түсу үрдісі пайда бола бастағанын айту керек. Бір қызығы, бұл үрдіс біреулерге ұнамай жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нақты айтар болсақ, әлеуметтік желі бетінде көк бөрінің белгісін көрсетіп суретке түскен қазақ жігіттерінің жауапқа тартылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы белгілі журналист Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасында жарияланды. Журналистің жазуынша, мұның арты үлкен дауға ұласуы мүмкін екен.

«Көршіміздің қас-қабағына қараймыз деп жалтақтап жүргенде, түрік ағайындарды қатты ренжітіп алған сияқтымыз. Әлі ренжи қойған жоқ, бірақ жақында үлкен халықаралық дау (скандал) тууы мүмкін. Өткенде біздің «сарапшылар» түріктің «Бозқұрттар» деген ұйымының ишарасын (белгісін) көрсетіп суретке түскен осындағы 4-5 қазақ жігітін жауапқа тартты. Олардың ойынша, бөрінің белгісі фашистік нышан екен. Кімдердің мақамында сайрап отырғанын түсініп отырсыз ғой? Ал, ол белгі - Түркияның ұлттық қоғалысы партиясының белгісі. Бұл партия қазір Ердоғанның Әділет және даму партиясымен одақтасып, елді бірге басқарып отыр. Яғни, бұл – биліктің партиясы. 

Оқи отырыңыз: «Ұлы Тұран армиясын құратын уақыт келді» - журналист

Масқара болғанда, билікте жүрген осы партияны көрші елдің идеологиясының ықпалымен фашистік ұйым деп айыптап тастадық. Жақсылап ізденсе, тарихты біліп тұрып айтса бір сәрі ғой, ол ақпаратты да интернетті ақтарып жүріп тауып алса керек. Ол туралы орыс тіліндегі мақаланың бәрі – түркі тектес халықтардың ынтымағынан өлердей қорқатын көрші елдің идеологиясының жетегінде жазылған. «Түйенің танығаны - жантақ» дегендей, орысшадан басқа тілді аса түсіне бермейтін біздің сарапшылар соларды оқып отырып бозқұрттарға «фашистік ұйым» деп «пәтуа» шығара салған сияқты. Түріктер әзірге бізде болып жатқан бұл жағдайды білмейді. Білсе, халықаралық дау туғалы тұр!»,  - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары