$ 494.87  520.65  4.91

Құтырған мысық ұшақтың оралуына себепші болды

Болжаммен жануар ұшақты тазалау кезінде немесе техникалық бақылау кезінде кіріп кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Суданның Хартума қаласынан Катар астанасы Доха шахарына ұшып шыққан ұшақтың бортындағы құтырған мысық әуекемесін дереу қайтуына себепші болды, деп хабарлайды "Ас-Судани" газеті. 

Судан басылымының мәліметінше, Tarco әуекомпаниясының ұшағы әуеге көтерілгеннен соң жарты сағат өткенде жануар кенеттен ұшқыштар кабинасынан атып шыққан. Ол ұшқыштарға ұшақты басқаруға кедергі келтіріп, әуелайнерінің капитанына атылған. Соның салдарынан экипаж ұшып шыққан әуеайлаққа қайта оралу шешімін қабылдаған. 

Болжаммен жануар ұшақты тазалау кезінде немесе техникалық бақылау кезінде кіріп кеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұшақ