Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы елдегі қалыптасып отырған жағдайға налып тағы жазба жариялады. Ол бұл жолы елімізде жетім мен жесірдің, мұқтаж жандардың саны артып бара жатқанын айтып күйінген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Инстаграмдағы дайрегіме науқас баласына көмек сұрап, хат жазып жатқандар өте көп. Әрқайсысын оқып, көңілің құлазиды. Бүлдіршіндердің тағдырын, ата-анасының шарасыздығын көріп, жаның ауырады. Бәріне көмектесуге шамаң да жоқ.
Мемлекеттің ақшасын судай сапырып, миллиардттаған долларды қалтаға сұраусыз басып жатқан жемқорлар мен ұрылар періште сәбилердің тағдырына, болашақ өміріне қол салып, обалына қалып жатқандарын біле ме екен?!
Оқи отырыңыз: «Халықтың тең жартысы қайыршыға айналып жатқандай» – әнші Жазира Байырбекова
Қаншама жетім мен жесірдің, мұқтаж жандардың көзжасына айырбасталған арам ақшаның желкелерінен шығатындығын, түбі өздерін жұтатындығын білмейді-ау солар.
Асты мен үсті де байлыққа толы байтақ жердің аз ғана халқының бақытты өмір сүруіне жағдай жасай алмай отырғандар өздерін кінәлі сезіне ме екен?!», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында.