$ 495.2  522.34  4.94

«Халықтың тең жартысы қайыршыға айналып жатқандай» – әнші Жазира Байырбекова

Басқа елдерде де осылай ма екен?!
фото: 365info.kz
фото: 365info.kz

Әнші Жазира Байырбекова  өзінен «қарғап, тіпті, жалынып» көмек сұрайтындар жайлы желіде жазба жариялады. Халықтың сүйікті әншісіне айналған оның жазуынша, қазақтың тең жартысы қайыршыға айналып бара жатқандай. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын жағдайын айтып, көмек сұраған адамдардың хатын оқып, жылап, ұйқым қашып ауырып қалатынмын. Қазір өзімді сақтау үшін мән бермеуге тырысып жүрмін. Хаттарды көреміз. Тоқталып оқымаймыз. Өйткені күнде 40-50 ден аса хат, қоңыраулар күннен-күнге көбеюде.

Біреуі ұрсып сұрайды, біреуі қарғап сұрайды, біреуі жалынып сұрайды, біреуі шын мұқтаж, біреуі алдап сұрайды, біреуі міндеттісің деп мәжбүрлегісі келіп тістелеп сұрайды», - деп ағынан жарылған әнші көпшілікті ойландырарлық сұрақ қойды.

«Қазақтың тең жартысы қайыршыға айналып жатқандай көрінеді. Неге? Басқа елдерде де осылай ма екен?!

Әлеуметтік желіге кіре алмайтын, кіруге ақшасы да уақыты да жоқ мұқтаж жандар қаншама. Қайырымдылықты кімге, қай кезде жасайтынын әр адам өзі шешеді. Мен инстадағы көмек сұраған хаттарды оқымаймын енді. Арнайы қайырымдылық қорларына жазыңыздар!», - деп өзінен көмек сұрайтындарға басқа жолды нұсқады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары