$ 444.22  476.38  4.82

Иманғали Тасмағамбетов ұлттық музейге құнды жәдігер тапсырды (ВИДЕО)

"Мынау сүйекпен әшекейленген әдемі ер-тоқым" деген сөзі де естіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ұлттық музейге құнды жәдігер тапсырды. Бұл туралы музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімеді.

"Қымбатты достар, бүгін танымал мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ мәдениетінің жанашыры Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Ұлттық музейге құнды тарту сыйлағанын қуанышпен хабарлаймын. Музей қоры ХVIII ғасырға тән Адай ерімен толықты...", - деп жазды Арыстанбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Музей директоры құнды жәдігерді тапсыру салтанатының видеосын жариялады. Онда Иманғали Тасмағамбетовтың ер-тоқымды өз қолымен тапсырып жатқанын көруге болады.

"Мынау сүйекпен әшекейленген әдемі ер-тоқым" деген сөзі де естіледі. Осыдан кейін мемлекет қайраткері ұлттық музейді аралап шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары