05.03.2021, 06:40

«Шенеуніктер мен олардың туыстарының шетелде емделуіне тыйым салу керек» - Қуат Хамитов

фото: instagram.com/kuat__khamitov
Мүмкін олар мәселені өз көздерімен көргенде ғана осы салада дұрыс шешім қабылдай бастайтын шығар.

Танымал спортшы Қуат Хамитов шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелеріне шетелде емделуге тыйым салуға шақырды. Айтуынша, олар мемлекеттік клиникаларда емделген кезде ғана дұрыс шешім қабылдайды, деп жазады kznews.kz сайты. 

«Менің ойымша, біздің шенеуніктерге, депутаттарға және олардың отбасылары мен туыстарына шетелде, сондай-ақ біздің жекеменшік клиникаларда емделуге, босануға тыйым салу керек.

Олар тек мемлекеттік клиникаларда қаралуы тиіс. Мүмкін олар мәселені өз көздерімен көргенде ғана осы салада дұрыс шешім қабылдай бастайтын шығар», – деп жазған спортшы.