$ 494.87  520.65  4.91

«Ел билігі  Қытайдағы  қазақтардың мәселесінде дәрменсіздік танытып отыр» - Жасарал Қуанышәлин

Еліміз бен ұлтымыздың мүддесі саудаға түсіп  кетпеуі  үшін Қазақ  билігі,  оның Сыртық істер министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік  комитеті өз тарабынан белсенділік танытуы,  болған ситуацияларға бей-жай қарамауы тиіс.
фото: qazaqtimes.com
фото: qazaqtimes.com

"Қытайдағы туыстарына араша іздейді".  Бүгін Алматыда туыстары Қытайда қамауға алынған, жазықсыз сотталып азаптауға ұшыраған қандастардың туыстары ортақ баспасөз жиынын өткізді. Оған бірқатар зиялы қауым өкілдері мен журналистер де қатысты, деп жазады qazaqtimes.com сайты. 

Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айырылған Нағыз Мұхаммедтің анасы ұлына араша сұрады. Шараға туған-туыстары Қытайда түрлі негізсіз айыпталып, ұзақ мерзімге қамау жазасына кесілген Оспан батырдың тіке ұрпақтары да болды.  Ондағы туыстарының және Қытай билігі жағынан қудалауға ұшыраған қандастардың жалпы жағдайы туралы мәліметтер берді. Оспан батырдың немересі Өркен Оспан былтыр Қытайдың жергілікті соты жағынан өмір бойы қамауға үкім етілген туған ағасы Нұрлан Нәбиұлы және аталас жақындары Нағыз Мұхаммед, Толқын Соғысайұлы қатарлы азаматтардың жағдайы туралы айта келіп, Қазақстан билігінен олардың тағдырына араша сұраған әрекеттерінен нәтиже болмай отырғанын айтты. Жазушы Смағұл Елубай өз пікін айтты да, конференциядан шығып кетті. 

Шарада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай,  азаматтық белсенді,  оппозия өкілдерінің бірі Жасарал Қуанышәлин,  белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали қатарлы қатысушылар болып жатқан жағдайға қатысты өз ойларын ортаға салды. "Қытай Коммунистік Партиясының ондағы қазақтарға жасап  отырған  әрекеті  қателік емес,  қылмыс",  – деп  бағалаған 

Жасарал Қуанышәлин Қазақстан  билігінің  Қытайдағы  қазақтардың  тағдырына араша болуда  дәрсенсіздік істеп отырғанын,  тіпті өз ішімізде  де адам құқықтарының бұзылуына наразылығын  жеткізді. Жақынын іздеген қандастар үкіметтен бір қайыр болар ма деп үміттенеді. Бұлардан соң туыстары,  отбасы  мүшелері Қытайда қамалған немесе түрлі қысымдармен қудалауға ұшыраған  азаматтардың ата жұрттағы туыстары өз жағдайдарын  ортаға салысты.

Олардың арасында бір отбасы адамдарының екі елге бөлініп қалғандары да бар. Бұған дейін олар туыстары мен отбасы мүшедерін босатуды  талап етіп,  Алматыдағы  Қытай консулдығы  алдында наразылық шараларын да өткізген. Шыңжаң мәселесі көп жылдан бері қазақ қоғамына да түрлі ықпалын тигізіп  келеді. Қытайдағы адам құқығының бұзылуы халықаралық қауымдастықты да алаңдатып отыр.

Осы арада  айта кетуі керек, Шыңжаң мәселесі ғана емес, Гонконг, Тибет және Тайуан мәселесі, сонлай-ақ адам құқығы мен демократия құндылықтарына қатысты тақырыптар Қытай мен бірқатар Батыс елдері арасындағы дәуірлік қайшылықтың  негізгі  түйілісу  нүктелеріне айналды. Бұл алып елдер арасындағы қайшылықта еліміз бен ұлтымыздың мүддесі саудаға түсіп  кетпеуі  үшін Қазақ  билігі,  оның Сыртық істер министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік  комитеті өз тарабынан белсенділік танытуы,  болған ситуацияларға бей-жай қарамауы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары