$ 494.87  520.65  4.91

Теміртаудағы жылу электр орталығында жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті

Сәрсенбі күні 90 проценттік дене күйігімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген 50 жастағы ер адамның 15 наурызда қайтыс болғаны белгілі болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Теміртауда "АрселорМиттал Теміртау" жылу электр орталығындағы жарылыс кезінде зардап шеккен жұмысшының бірі көз жұмды, деп хабарлайды EKaraganda.kz.

Қайғылы оқиға 11 наурызда болды. ЖЭО-2 механикалық цехтың шеберханасында балқыту кезінде от шығып, ішінде бояуы бар ыдыс жарылған. Ғимарат ішінде жұмыс жасап жатқан темір ұстасы мен жөндеуші маман оттан қашып үлгермеді. Жұмысшының бірі 90 процент дене күйігін алса, екіншісінің денесінің 25 проценті күйіп қалды. Зардап шеккен азаматтарды боран салдарынан Қарағандыға жеткізу мүмкін болмады, мамандарды Теміртауға алдыртты.

Сәрсенбі күні 90 проценттік дене күйігімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген 50 жастағы ер адамның 15 наурызда қайтыс болғаны белгілі болды.

Осы жағдайдан кейін ЖЭО-да жөндеу жұмыстары тоқтатылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары