23.03.2021, 11:47

Ердоған Қазақстанға келмейтін болды

фото: inbusiness.kz
Бұған дейін Ердоған Түркістанда 31 наурызда өтетін Түркі кеңесіне арналған бейресми саммитке қатысатыны хабарланған болатын.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Қазақстанға келмейтін болды. Түрік басшысы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитіне қатысуы керек болған, алайда президент әкімдігі ел басшысы саммитке видеоконференция арқылы байланысқа шығатынын айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бұған дейін Ердоған Түркістанда 31 наурызда өтетін Түркі кеңесіне арналған бейресми саммитке қатысатыны хабарланған болатын. 

"Президенттің 30-31 наурызға жоспарланған Қазақстанға сапары болмайды, ол Түркі кеңесінің бейресми саммитіне бейнеконференция режимінде қатысады", - делінген хабарламада.

Түркі кеңесі -  түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыван қаласында құрылған.