$ 446.49  475.38  4.79

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Путиннен «Спутник V» вакцинасының қосымша бөлігін жеткізуді сұрады.
Фото: dalainform.kz
Фото: dalainform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.кз

Екі ел басшысы сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына, сондай-ақ, Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы қол жеткізілген уағдаластыққа жоғары баға берді. 

Қазақстан Президенті ұшақ құрастыру, автокөлік жасау, химия индустриясы салаларындағы бірлескен жобаларға көңілі толатынын жеткізді. Оның пікірінше, биылғы сәуір айында Қазан қаласында екі мемлекеттің үкіметтері арасында қол қойылатын 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының маңызы зор болмақ.

Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық, әскери-техникалық және цифрлық салалар бойынша байланыстарды нығайтудың маңызды екенін атап өтті. 
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге «Спутник V» вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді. 

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты ұстанымдары сәйкес келетінін айтып, серіктестіктің бұл бағытында тығыз ықпалдаса жұмыс істеуге келісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары