$ 444.22  476.38  4.82

Футбол: Қазақстан құрамасы өз алаңында Франциядан жеңіліп қалды

Франция іріктеудегі өзінің бірінші жеңісіне қол жеткізіп, төрт ұпайды еншіледі.

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу ойындарының алғашқы матчында Франция құрамасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» кешенінде өткен ойын 0:2 есебімен аяқталды. 19-шы минутта «Барселона» шабуылшысы Усман Дембеле Антони Марсьяльдің жасаған пасын ұтымды пайдаланып есеп ашты. Ал ойынның 44-ші минутында Сергей Малый өз қақпасына гол салып, есепті қонақтар пайдасына еселеді.  

Ойынның екінші таймында алаңға Килиан Мбаппе шықты. Алаңға шыға салысымен ерекше ойынымен көзге түсе алса да, ол өз мүмкіндігін пайдалана алмады. 75-ші минутта пенальти тебуге мүмкіндік алғанымен, Александр Мокин оның шабуылына тойтарыс бере алды.

Франция іріктеудегі өзінің бірінші жеңісіне қол жеткізіп, төрт ұпайды еншіледі. Топтағы соңғы орында тұрған Қазақстан құрамасы нөл баллмен қалды. Талғат Байсуфиновтың шәкірттері келесі ойынды 1-ші сәуірге қараған түні Украинамен сырт алаңда өткізеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары