$ 494.87  520.65  4.91

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ел үмітін ақтай бастады

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында өткен 30 жылда не істедік, алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарамыз деген ауқымды әрі бағдарлы тақырыптарға тоқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Соңғы кезде қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласуға, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға ынтасы артып келеді. Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамам және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – осы сұранысқа тікелей жауап. Оны Ордабасыдағы, Күлтөбедегі, Ұлытаудағы ұлы жиындардың заманауи үлгісі деуге болады. Біз қазақтың қанына сіңген қасиет – келелі істі ақылдасып бірге шешу дәстүрін жалғастыра береміз. 

Бұл бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз болады. Қазіргі шаралар аяқ астынан мәжбүрліктен қолға алынған жоқ. Ол – елімізді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясаттың жемісі», деп жазды Мемлекет басшысы өз мақаласында. 

Қандай да бір қоғам өркендеп дамуы үшін араларында диалогтың болу маңызды. Бір-бірінің пікірімен, көзқарасымен санаспаған, тыңдамаған, естімеген елдің ертеңі бұлыңғыр. Оны тарих талай дәлелдеді. Халық билікке, билік халыққа арқа сүйегенде ғана болашақтың таңы арайлап атады.

Егер тарихымызға бір сәт көз жүгіртіп қарар болсақ, екі жақты диалог болғанда өркендеп, бір жақты монолог болғанда құлдырап отырғанын байқауға болады. Билік сөзге кезек беріп, елдің датын тыңдап, халықтың мұңын ғана емес домбырасы мен қобызының үніне дейін құлақ түрген кезеңдер өтті. Алқалы топпен ақылдасты, шешендермен сұхбат құрды. Мұны қазақ «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп суреттеді. Ал, билік «өзім білемдікке» салып, хан қамалдан шықпай, халықтың үні қамалдың ішіне естілмей, билік мен халық арасындағы сұхбат үзілген тұста ең бір күрделі, берекесіз мезгілге тап болды. 

Тәуелсіздік еншімізге тигелі ел билігінің екінші кезеңін қолына алған сәттен бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен халықтың арасын алшақтатпауға, елдің үніне бей-жай қарамауға, сөз бен істің арасын мүмкіндігінше жақындатуға күш салып келеді. Соның ең алғашқы қадамы деп Ұлттық қоғамдық кеңестің құрылуын айтуға болады.

Мемлекет басына келген кезден бастап Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Қаулы қабылдады. Жаңа Қаулыда: ҚР Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде: 1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін; 2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін, - делінген Қаулыда.

Қоғамдық Кеңестің әрбір отырстарда көптеген әрі өзекті, әрі өткір мәселелер мен тақырыптар ашық айтылды, көтерілді, талқыланды. Президент олардың барлығын ескеретіні жөнінде мәлімдеп, сәйкесінше Президент Әкімшілігі өз тарапынан айтылған ұсыныстың барлығы бойынша Ақордада, Үкімет үйінде талқылаулар ұйымдастырды. Бүгінгі таңда қоғамдық диологты дамыту бағытында Президент тарапынан тұрақты түрде осы бастаманы жүзеге асыруға қолдау көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады, – деген еді.
Екінші Президенттің бұл бағытта айтылған сөзі қарапайым халық тарапынан қызу талқыланып, үлкен қолдау тапты. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сол мақаласында жер міселесіне де айрықша тоқталды.«Жерге  байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн, деп нақты ұстанымын білдірді.

Президент айтқандай, расында да «қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?!». 

Бүгінде түрлі әлеуметтік желілер қарапайым халық өз пікірін ашық айта алатын бірден-бір мінбер болып тұр. Қоғамда не өзекті, елге не ұнап, не ұнамай жатыр, билік ел арасындағы қандай мәселеге ерекше көңіл бөлу керек. Бәрі-бәрі осы желілерде айтылып, жазылып жатады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жағдайды ескеріп, Үкімет мүшелерінен бастап өңірлердегі әкімдерге әлеуметтік желіге тіркелулерін және халықтың сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс орнатуларын тапсырды. Осының нәтижесінде қарапайым тұрғын әкімге өз өтінішін жеткізу үшін бұрынғыдай арнайы қабылдауына жазылып, апталап кезек күтпей-ақ,  өзін мазалаған сұрақтарына әлеуметтік желі арқылы-ақ жауап ала алады. Осының нәтижесінде көптеген әкімдердің әлеуметтік желіде белсенділігі артып, ел пікірлерімен санасатын деңгейге жетті.  

Бұл да «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақалада айтылған мәселе болатын. Жалпы, ел Президентінің кез келген бастамасына халық ықыласпен қолдау көрсетуде. Оның басты себебі, әрбір шешімді елдің пікірімен, ұсынысымен келісе отырып қабылдауында екені сөзсіз. 

«Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан», деді Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары