$ 447.4  477.55  4.76

«Таразда әлдебір Бордюрбектің бизнесі қыз-қыз қайнап тұр» - журналист

Жол жиегіндегі қаз-қатар жиналған бордюрлерді көргенде еріксіз есіңе Бердібек Сапарбаев түседі екен.

Бордюрбектің бизнесі қыз-қыз қайнап тұр
Адам болған соң жүресің, жүргеннен соң көресің. Көрмейін десең де көресің. 
Былтыр күзде асфальтін сүріп тастаған 11-ші шағын аудандағы жолды көктем шыға жөндеп жатыр. «Бәрекелді»-ден басқа айтарымыз жоқ әрине. 

Алайда жол жиегіндегі қаз-қатар жиналған бордюрлерді көргенде еріксіз есіңе Бердібек Сапарбаев түседі екен. Былтыр бірнеше ай Астанада жұмыс істеп Таразға келгенде темір жол вокзалындағы бордюрлерді ауыстырып жатқан жұмысшыларды көріп ем. Сол кезде де бірден есіме сүйікті әкіміміз түсті. Сонда «Облыс әкіміміз Сапарбаев екен ғой» деп ойланған да қойғанмын. 

Шыны керек, кризис-менеджер деген дардай атағы бар адамның бордюрдің тиын-тебеніне қарап қалды дегенге сенгің келмейді. Мәселен, суреттегі бордюрдің нарықтағы бағасы 1 720 теңге екен. Ұзындығы бір метр болатын мұндай бордюрлар былтырдан бері ондаған мың метр болатын жолға қойылғаны белгілі. Өйткені көше аралап шықсаң болды көретінің бордюр ауыстырып жатқан жұмысшылар. Енді тап осылай қара күзге дейін бордюр ауыстыру науқаны жүретіні белгілі. Міне осы бордюрға кеткен ақшаны тиімді мақсатқа жұмсауға болмас па екен?

Былтыр Тараздың жарамды бордюрларын қопарып жаңасына ауыстырып жатқан әкімнің әрекеті туралы «31 арнадан» бастап бірнеше басылым жазды. Әкімнің өзі «Менің бордюр шығаратын зауытым жоқ» деп ақталуға мәжбүр болып еді. Бердібек Сапарбаевтың бордюр зауыты бар ма, жоқ па оны білмейміз, әйтеуір Таразда әлдебір Бордюрбектің бизнесі қыз-қыз қайнап тұр.

Соңғы суреттегі жол Германияның Калининград қаласында 1930 жылдары салынған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ресейге өткен асфальт әлі күнге дейін жарамды болып тұр. Біздің елде 10-15 жыл бұрын пайдалануға берілген жолдар мен бордюрлар неге тез тозады? Сондай-ақ Таразда бордюр ауыстырудан басқа шаруа жоқ па?

Серік ЖОЛДАСБАЙДЫҢ Facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары