$ 484.19  524.28  5.03

«Латын әліпбиінің қабылдануына бізді қайтсе де уысында ұстағысы келетін сыртқы күштер кедергі келтіріп отыр» - журналист

Кириллицаның барған сайын өрісі тарылып бара жатқандықтан, Қазақстанның беталысы оларға ұнамай отыр.
Фото: ortalyq.kz
Фото: ortalyq.kz

Аса бір жоғары қарқынмен басталған латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы кездері бәсеңдей бастағандай. Бұрынғыдай емес қоғамдық талқылаулар да азайып, әлеуметтік желі бетіндегі жұрттың белсенділігі де саябырси бастаған. Белгілі журналист Жолымбет Мәкіштің жазуынша, мұның өзіндік себептері бар секілді Атап айтар болсақ, жоғарыда отырғандар Қазақстанды қайтсе де уысында ұстағысы келетін сыртқы күштердің бар екенін ескеріп ашық қимылдай алмай отырған сыңайлы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистің жазуынша, соған қарамастан әліпби ауыстыру мәселесінде біраз шаруа реттеліп үлгерген. Қазіргі уақытта соңғы латын әліпбиінің әбден пысықталған тағы нұсқасы үкіметтен өтіп, президенттің алдында жатқан көрінеді.

«Кирил жазуы негізінен православтарға арналған жазу. Бірақ Шығыс Еуропадағы славяндар баяғыда латынға көшіп алған. Өз туыстары керек қылмай отырса, бізге керек пе ол әліпби? Қазір орыс ғалымдарының өзі де «бізге 33 әріп көп, сондықтан оны 26 әріпке дейін қысқартуымыз керек» деп бастама көтеріпті. Осы жақында төрт әріпті қысқартпақшы болып жатыр. Кириллицаның барған сайын өрісі тарылып бара жатқандықтан, Қазақстанның беталысы оларға ұнамай отыр. Сондықтан олар Қазақстанды қайтсе де уысында ұстағысы келеді. «Латын» әліпбиіне байланысты ең көп шу көтеріп жатқандар да солар.

Оларға қарап тұрған біз жоқ, бірақ. Жаңа әліпби кірме сөздерді қазақ мақамымен жазбаса, ондай әліпбидің бізге керегі жоқ деп жазғанбыз. Сөйтсек, жаңа әліпбиде осының бәрі ескеріліпті. Егер латын әліпбиіне көшсек, орыс тілінен енген сөздерді, халықаралық терминдерді қазақ мақамымен жаза бастайды екенбіз. Бізге ең керегі де осы. Қазақ өзінің үйреншікті мақамына қайтып оралады. Қазір осы соңғы нұсқаны үкіметтен өтіп, президенттің алдына барыпты деп естідім. Ырду-дырдуды қойып, осы нұсқаны барынша қоғам болып қолдауымыз керек. «Көш жүре түзеледі» дегендей, бірдеме қылып қабылдап алсақ, қалған кемшіліктерін біртіндеп, жүре түзейміз ғой...», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары