$ 498.34  519.72  4.85

«Пандемия кезінде қазақ үкіметі дұрыс жұмыс атқара алмады» - саясаттанушы

«Кайдзен философиясы бойынша мекеме болсын, мемлекет болсын мәселе 98% бірінші басшыға байланысты».
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Саясаттанушы Санжар Боқаев бұл туралы ойын Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» хабарында айтты деп жазды kznews.kz.

«Менің ойымша жемқорлық пен қаражаттың орынсыз жұмсалуына президент кінәлі. Кайдзен философиясы бойынша мекеме болсын, мемлекет болсын мәселе 98% бірінші басшыға байланысты. Егер бізде туысқандарды емес, элиталық топтардың жеке мүдделеріне қатысты адамдарды емес, нақты жұмыс жасай алатын мықты мамандарды тағайындайтын болса, біздің елде мүлде басқа жағдай болатын еді» дейді Санжар Боқаев.

Сонымен бірге саясаттанушы Тоқаев билік еткен екі жылға да баға берді. Ол ел президентінің үкіметті бақылауы әлсірегенін алға тартты. Елдің экономикалық көрсеткіштері төмендеп, пандемия кезінде де қазақ үкіметі дұрыс жұмыс атқара алмады дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары