$ 498.51  522.84  4.81

«Үкімет пен Парламент Жер туралы заңға өзгеріс енгізуге асықпай, талқылауды әдейі созып отыр» - қоғам белсендісі

Жаңа заңға әлі күнге дейін ұсынылған бірде - бір өзгеріс пен толықтырулар нақты қабылданған жоқ. Кешегі әкімдер мен латифундистерден жасақталған комиссия да ештеңе шешпеді.
фото: baribar.kz
фото: baribar.kz

Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңының жобасы екінші рет Мәжіліс талқысына түсіп, мақұлданды. Енді Сенаттың қарауына жіберілмек. Бір қызығы, бұл жолы да депутаттардың талқылауы Жер комиссиясы мүшелері мен қоғам белсенділерінің қатысуынсыз өткен, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Әлбетте бұл қоғам белсенділері мен жер жанашырлары арасында үлкен күмән тудырып отыр. Қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлының айтуынша, бұл құжатта жер саудасына біржолата тыйым салатын нақты шешім жоқ. Парламент заңға өзгеріс енгізуге асықпай, талқылауды әдейі созып отыр. Яғни жердің шетелдіктерге сатылмайтыны, жалға берілмейтіні заңға нақты жазылу керек.

«Елдегі жаппай қарсылық акцияларынан кейін қоғамда қарсылық тудырған жер кодексінің даулы баптарының күші уақытша тоқтатылды, мораторий жарияланды. Бірақ, Жаңа заңға әлі күнге дейін ұсынылған бірде - бір өзгеріс те, толықтырулар нақты қабылданған жоқ. Кешегі әкімдер мен латифундистерден жасақталған комиссия да ештеңе шешпеді.

Парламенттен де үміт аз...

Демек, бұрынғы заң баптары, атап айтқанда халық тарапынан қарсылық тудырған «төрт норма» және қоғамдық пікірден кейін қосқан қосымша өзгерістер қажеттігін көрсеткен 6-бап, 23-бап, 24-бап, 26 бап, 48-бап, 49, 50-бап, 97 бап, т.б баптар әлі күшінде деген сөз. 

Егер осы аралықта жерді сатуды, жалға беруді тоқтататын жоғарыдағы баптар алынбаса, жер бұрынғыша сатылады, жалға беріледі деген сөз», - дейді қоғам белсендісі. 

Сонымен қатар ол қазірдің өзінде ебін тауып жерді саудаға салып үлгеріп жатқандар өте көп.
«Жер саудасы халықтың ту сыртынан қазірдің өзінде жүріп жатыр. Бұл «әлдекімдерге» тиімді. Сол үшін де Үкімет, Парламент заңға өзгеріс енгізуге асықпай, жоғарыдағы заң баптарын алып тастамай, талқылауды созып отыр.

Президент Қ.Тоқаевтың, кешегі комиссияның да «жер сатылмайды, жалға берілмейді» дегендері заңдық күші жоқ бос сөз...

Жер Кодексіндегі жоғарыдағы мораторий жариаланған заң баптарының күші жойылсын, алынсын!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары