$ 449.58  486.94  4.86

«Халық дәріні заңсыз алдыруға мәжбүр»: Депутат министр Цойға қатаң талап қойды

Бүгінде сәуір айының ортасы болғанымен, тізімдегі 70-ке жуық препарат әлі күнге дейін сатып алынбаған.
Фото: Qamshy.kz
Фото: Qamshy.kz

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ғалымжан Елеуов дәрімен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, денсаулық сақтау министріне депутаттық сауал жолдады, деп жазады qamshy.kz порталы. 

Депутаттың айтуынша, ауыр диагноздары бар адамдарға аса маңызды препараттар уақытында жеткізілмей жатыр. Бүгінде сәуір айының ортасы болғанымен, тізімдегі 70-ке жуық препарат әлі күнге дейін сатып алынбаған.

Сонымен бірге осы 70 препараттан басқа, сатып алынды деп көрсетілген 45 препараттың алғашқы жеткізілу мерзімі сәуір айынан басталады, ал кейбіреулер 2021 жылдың қазан айынан бастап жеткізілмек.

Осы ретте, Ғалымжан Елеуов 2021 жылға арналған бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 2020 жылдың 28 шілдесінде бекітілгенін атап өтті.

Яғни,  2021 жылдың басталуына дейін халықты тегін дәрілік құралдармен қамтамасыз ету бойынша міндет алдын ала белгіленді.

"Бүгінгі күні онкологиялық ауруханалардың есебінде 180 мыңнан астам азамат тіркелген. Өкінішке қарай, жыл сайын елімізде олардың қатары 30 мың адамға көбеюде. Бұл науқастарға арналған дәрілердің тіпті 10 күнге кешігіп жеткізілуі ауыр жағдайға алып келуі мүмкін.

Осыған қарамастан менің ресми сауалдарыма СК-Фармация ақпараты бойынша онкологиялық науқастар үшін L-аспарагиназа, Винбластин, Денозумаб, Метотрексат, Циклофосфамид секілді ісікке қарсы препараттар сатып алынбаған", – деді депутат.

Ғ.Елеуовтың айтуынша, туберкулезге шалдыққан науқастардың да жағдайы ауыр, себебі Изониазид, Протионамид, Рифампицин уақытында әкелінбеген.

Осы ретте, Қазақстанда тыныс алу органдарының ауруларынан қайтыс болған адамдардың саны өте көп екенін алға тартқан депутат бронх демікпесіне және өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан науқастар дәрілермен толық емес көлемде қамтамасыз етілгеніне, Вилантерол, Флутиказона фуроат, Сурфактант, Теофиллин сатып алынбағанына назар аударды.

"Сондай-ақ 1 және 2 типті қант диабетімен ауыратын адамдар Инсулин глулизинмен қамтамасыз етілмеген. Кейбір нейролептиктер мен эпилепсияға қарсы құралдар сатып алынбады. Жиі кезде олар Қазақстанның дәріханаларында сатылмайды, халық амалын тауып, оларды көршілес республикалардан таныстар арқылы заңсыз алдыруға мәжбүр", – деді Ғ. Елеуов.

Сонымен қатар, депутат Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес 2, 3, 4, 18 айдағы балаларға және 6 жастағы балаларға қойылатын дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, полиомиелитке қарсы екпені сатып алу бойынша өткізілмеген конкурс ерекше алаңдаушылықты тудыратынын жеткізді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Денсаулық сақтау министрлігінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша дәрілік препараттардың толық көлемде сатып алынуын қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмектерді уақытында емес және толық емес көлемде жеткізу мәселесін, бірінші жеткізудің кеш мерзімін шешу туралы уәкілетті орган қандай шараларды қабылдайтынын түсіндіруді және басқарушылық шешімдердің қабылдануын ұзартып жатқан тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат беруді талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары