$ 447.4  477.55  4.76

Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр

Қазір қалада жұмысын тоқтатқан жанармай бекеттерінің саны көбейген. Бензинді ірі стансалар ғана сатып жатыр.
Фото: qazaly.kz
Фото: qazaly.kz

Ал, өңірлерде бензин тапшылығы туды. Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр.  Батыс Қазақстан облысында жанармай дағдарысы әлі реттелген жоқ, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Бүгінде өңірдегі жекелеген май құю бекеттері бензин сатуды мүлдем тоқтатқан. Ал облыстың шалғай аудандарында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 200 теңгеге жетті. Қазір қалада жұмысын тоқтатқан жанармай бекеттерінің саны көбейген. Бензинді ірі стансалар ғана сатып жатыр. Сатушылар азайғасын соң, баға да қымбаттапты. АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160-175 теңге аралығында. Ал облыстың шалғай аудандарында, литрі 200 теңгеге бір-ақ жеткен.

Батыс Қазақстан облысында жанармай дағдарысы әлі реттелген жоқ. Бүгінде өңірдегі жекелеген май құю бекеттері бензин сатуды мүлдем тоқтатқан. Ал облыстың шалғай аудандарында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 200 теңгеге жетті.

«Бензинннің қымбаттағаны ештеме емес, кейбір бекеттерде жоқ, «таллонмен беріледі» деп жазып қойыпты. Енді қазір көктем уақыты, ауыл шаруашылығы жұмыстары бар, саяжайлар бар. Қазір нағыз бензин керек уақыт. Оның неге жоқ болып жатқаны, неге қымбаттап кеткені белгісіз, енді халықтың қалтасына ауыр түсетін болды», - дейді Орал қаласының тұрғыны Манарбек Кушалиев.

«Бір апта бұрын қаладағы май құю бекеттерінің бірі бағаны өсіруі мұң еді, қалғандары да соған ілесті. Тіпті бензин азайып, тапшы бола бастады. Жалпы, біздің экономикамыз қызық. Мұнай қымбаттаса, бензин де қымбаттайды. Бірақ мұнай арзандаса, бензин сол қымбат бағамен сатыла береді», - дейді тағы бір тұрғын Роман Копняев.

Өңірге қажетті жанармай осыған дейін көршілес Атырау мен Ресейден жеткізілетін. Көрші облыстағы зауыт жөндеу жұмыстарына жабылғасын, бензиннің азайғанын жергілікті шенеуніктер де мойындайды.

«Энергетика министрлігінің хабарлауы бойынша, Атыраудағы зауыт 24-сәуірде жұмыстарын бітіреді екен. Қазіргі уақытта көлемдер Шымкент зауытынан әкелінуде. Бұл енді өзінара бағаның қымбаттауына әкеліп отыр. АЗС-тар бар, бірақ жабық. Қалада жабық тұр, ауылда да жабылып жатқандар бар. Көлемдері жоқ», - деді БҚО ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Бейімбет Мусин.

Сала өкілдері Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты іске қосылған соң, жағдай реттелер деген үмітте. Бірақ бензин тасымалы қайтадан жолға қойылғанша да біраз уақыт қажет. Әрі бағаның қалай құбыларын ешқайсысы тап басып айта алар емес.

Қазір қалада жұмысын тоқтатқан жанармай бекеттерінің саны көбейген. Бензинді ірі стансалар ғана сатып жатыр. Сатушылар азайғасын соң, баға да қымбаттапты. АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160-175 теңге аралығында. Ал облыстың шалғай аудандарында литрі 200 теңгеге бір-ақ жеткен.

«Бензинннің қымбаттағаны ештеме емес, кейбір бекеттерде жоқ, «таллонмен беріледі» деп жазып қойыпты. Енді қазір көктем уақыты, ауыл шаруашылығы жұмыстары бар, саяжайлар бар. Қазір нағыз бензин керек уақыт. Оның неге жоқ болып жатқаны, неге қымбаттап кеткені белгісіз, енді халықтың қалтасына ауыр түсетін болды», - дейді Орал қаласының тұрғыны Манарбек Кушалиев.

«Бір апта бұрын қаладағы май құю бекеттерінің бірі бағаны өсіруі мұң еді, қалғандары да соған ілесті. Тіпті бензин азайып, тапшы бола бастады. Жалпы, біздің экономикамыз қызық. Мұнай қымбаттаса, бензин де қымбаттайды. Бірақ мұнай арзандаса, бензин сол қымбат бағамен сатыла береді», - дейді тағы бір тұрғын Роман Копняев.

Өңірге қажетті жанармай осыған дейін көршілес Атырау мен Ресейден жеткізілетін. Көрші облыстағы зауыт жөндеу жұмыстарына жабылғасын, бензиннің азайғанын жергілікті шенеуніктер де мойындайды.

«Энергетика министрлігінің хабарлауы бойынша, Атыраудағы зауыт 24-сәуірде жұмыстарын бітіреді екен. Қазіргі уақытта көлемдер Шымкент зауытынан әкелінуде. Бұл енді өзінара бағаның қымбаттауына әкеліп отыр. АЗС-тар бар, бірақ жабық. Қалада жабық тұр, ауылда да жабылып жатқандар бар. Көлемдері жоқ», - деді БҚО ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Бейімбет Мусин.

Сала өкілдері Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты іске қосылған соң, жағдай реттелер деген үмітте. Бірақ бензин тасымалы қайтадан жолға қойылғанша да біраз уақыт қажет. Әрі бағаның қалай құбыларын ешқайсысы тап басып айта алар емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары