$ 444.22  476.38  4.82

«Не істесек те, Түркістан әлем үшін туризм орталығы бола алмасы анық» - қоғам белсендісі

Не істесек те арыға бармай-ақ өзбектердің Самарқанды мен Бухарасындай турист жинай алмайды. Логикасын еш түсіне алмадым.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Түркістан қаласындағы Венецияға ұқсатып салынған Керуен сарайына қатысты жұрттың пікірі екіге жарылып отыр. Бір тобы «керемет!, Қазақстанның өз Венециясы бар!» деп Шөкеев бастаған шенділердің бұл жобасына қолдау білдіріп жатса, енді біреулері мұны босқа ақша шашу деп есептейтінін білдірген. Қоғам белсендісі әрі қаржы саласының маманы Сәбит Рысбаевтың ойынша, шенділер Түркістан қаласына даңғырлаған сауда ойын сауық орталықтарын емес, отандық өнім өндіретін өндіріс алаңына айналдырған дұрыс, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

«Түркістандағы су ағатын Венецияға 200 миллион доллар кетті деп жатыр. Ол тек бір ғана нәрсесі. Одан бөлек дренажы жоқ стадионы бар, анаусы, мынаусы бар қанша ақша кетіп жатыр? Не үшін? Не істесек те, Түркістан әлем үшін туризм орталығы бола алмасы анық. Үлкен ауыл, заманауи үлкен ауылға айналады. Пәтер жалдау Алматы мен Астанадан қымбат деп жатыр. Не істесек те арыға бармай-ақ өзбектердің Самарқанды мен Бухарасындай турист жинай алмайды. Логикасын еш түсіне алмадым.

Рас өтірігін кім білсін, Түркістанның бюджетінің 90%-ынан астамы республикалық бюджеттен қаржыландырады екен. Өзі республиканы сорып отырған облыстар Түркістанға бірнәрсе сыйлап жатқанына күлкім келеді. Өзің қайыршысың кімге пір болмақсың дегендей», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында. 

Сондай-ақ ол Түркістан қаласын даңғырлаған сауда ойын сауық орталығы емес, отандық өнім өндіретін өндіріс алаңына айналдырған дұрыс деп санайтынын айтқан. 

«Түркістан түркі әлемінің астанасы болды деді ме, әлде болады деді ме сондай бірдеңе болыпты. Не өзгереді одан? 1 миллиард доллар кетсе де сол ақшаға шетелден станок әкеліп тіс шұқитын таяқша мен труси тікпедік пе өзімізге. Кезінде мұнайы дүркіреп тұрғанда үлкен-үлкен үйлер соққан, қазір солары трущобқа айналған Каракас сабақ болмады ма бізге?

Мұнайдың бағасының түскені, ұлттық фондтан республикалық бюджеттің минусын жабудың да бір күнін тоқтайтынын түсінбейміз бе? Даңғырлаған сауда ойын сауық орталықтарын емес қашан отандық өнімді өндіруге назар аударамыз. Жоқ 15 жылда бір қала соғып соны далақтап мақтай берейік пе? Қашан халықтың қалтасынан сұраусыз қаңыраған ғимарат соғуды тоқтатамыз? Сол соғып жатқандар да шетелдік компаниялар болса таң қалмаймын. Времянкада неше адам көмір жағып уланып өліп жатқанымен шаруамыз жоқ қой», - деп атап өткен жазба авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары