Ахметжан Есімов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.