21.04.2021, 20:24

Есімов Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды

Фото: tengrinews.kz
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

Ахметжан Есімов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді,  деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.