Қазақстан Президентінің "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтына жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойған жағдайда, латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мынадай болады:
Айта кетейік, әліпбидің жаңа нұсқасында 2021 жылдың қаңтарында ұсынылған нұсқамен салыстырғанда "Ң" әрпінің жазылуы өзгеше. Қазір "ың" дыбысы латын тілінде "Ñ" деп белгіленген. Ал бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынылған кестеде әріп "Ŋ" деп белгіленген.
Еске салайық, жетілдірілген әліпбиде 31 әріп бар. Онда қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.
Құжат 2021 жылдың 6 мамырына дейін ашық талқыланады. Оған мына сілтеме бойынша қатысуға болады.