$ 495.2  522.34  4.94

«Қытайдың түпкі мақсаты  - Қазақстанды отар ел ету» - қоғам белсендісі

Бұл – Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзинпиньнің (Xi Jinping) арнайы тапсырмасы. Оны өздерінің ішкі ақпарат құралдарында ашық жазуда.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ардагер дәрігер, журналист әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы елімізге мысқалдап кіріп жатқан Қытай экспансиясына алаңдаушылық білдіріп тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жер жанашырының айтынша, Орта Азия мемлекеттеріне соның ішінде Қазақстанға толықтай қытайлану қаупі төніп тұр. Өкініштісі, осыны біле тұра ел үкіметі саналы түрде өз халқын ҚЫТАЙЛАНДЫРУҒА мүмкіндік да беріп отыр. Бұл мүмкіндікті пайдаланып қытай үкіметі инвестиция және технология деген желеумен Қазақстанды экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кірісіп кеткен.

«The Financial Times редакциясының журналистік зерттеуіне орай, Департамент 2014 жылдан бері әлемдегі Қытайдың мүддесін қорғайтын азаматтардың барлығын біріктіру процесін жүзеге асырып жатыр. Бұл – Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзинпиньнің (Xi Jinping) арнайы тапсырмасы.
Демографиялық экспансия қалай жүреді?

Шығыс Оңтүстік Азия елдері қытайланып жатыр. Қытайдың теңіз жағалауындағы құжынаған халқы нәпақаларын табу үшін көрші елдерге біртіндеп ағылған болатын. Олар қоғамдық ұйымдары арқылы бірікті және ұтымды түрде орналаса бастады. Осылайша экономикасы мықты топ болып қалыптасып, біртіндеп көбейіп, мемлекеттің саясатына араласты. Мәселен, Тайландта (премьер министрі қытай), Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде, Вьетнамда халық санының 20-40%-ы. Ал Малайзияда, Сингапурда өлке халқының 80%-нан астамы қытай болды. Малай билігі бұл үрдісті тоқтату үшін Сингапурды күштеп, ел құрамынан шығарып жіберді. Қазір Малайзия, Пәкістан қатарлы елдер осы себепті Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» бағдарламасынан бас тартып жатыр», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол мұндай қауіптің Қазақстанды да айналып өтпейтінін ескерткен.

«Келесі кезекте Орта Азия мемлекеттерін қытайландыру тұр. Соның ішінде Қазақстанға бағытталған экономикалық экспансиялық жоспар ерекше. Қытай өндірісін абсолютті ету. ҚХР-ның Қазақстанға деген ықпалы экономикалық мүдделердің ілгерілеуімен байланысты. Қытайдың түп көздегені өзінің экономикалық жобалары арқылы Қазақстанды серіктес ел ретінде «жұмсақ ұмтылу» жолымен отарлау. Бұл туралы олар өздерінің ішкі ақпарат құралдарында ашық жазуда...

Оқи отырыңыз: «Мамин үкіметі Қытай экспансиясын «стратегиялық серіктестік» деген ұранмен бүркемелеп отыр» - қоғам белсендісі

Осының барлығын қазақтың қазіргі сатқын билігі: «ШОС бірлестігіне кіруіміз, әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерге бірлесіп күресу жолындағы еліміздің сыртқы саясатының ірі жетістігі, өзара түсіністік, ынтымақтастық «Бір жол – бір белдеу» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан көп жақты саясатының жемісі», - деген үлкен сөздермен бүркемелеуде», - деп атап өткен ол Қазақ билігінің бейбіт түрде ҚЫТАЙЛАНДЫРУҒА жол ашып беріп отырғанына алаңдаушылық білдірген. 

«Біз де таяу болашақта Шығыс Оңтүстік Азия елдерінің кебін киеміз. ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!!», - деп өз ойын аяқтаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары