27.04.2021, 11:20

Халық наразылығынан кейін Жаркент әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды

фото: Видеодан алынған
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әкімге қатысты қызметтік тергеу жүргізуге уәде берді.

Жаркент әкімі Болат Омаровтың полиция бөлімі алдына жиналған жүргізушілермен кездесуіне Желі қолданушылары наразылық білдіргеннен кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметтік тергеу жүргізуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкім мен жүк көлігі жүргізушілері кездесуінің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_brothers_official-парақшасында пайда болған еді.

"Бұл дерек бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы әкімі аппараты басшысы атына қызметтік тергеу жүргізу туралы хат жолдап, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдайды", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.