Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында әлі де күн тәртібінен түспей тұрған жер мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, Қазақстан азаматы болса да жеке меншікке сатуға болмайды. Өйткені, жер кодексінің осал тұстары өте көп.
«Жерді ҚР азаматтарына жеке меншікке сатуға болмайды. Не үшін болмайтынын ашып түсіндіріп кетейін.
Себебі екі жыл бойы он гектар бір ауданды қытай зауыты уламас үшін күрестік! Осы жерде сол ауыл тұрғындарының бәрі түгел отыр, өздері де жазар. Мойындауымыз керек, біздің жер кодексінде осал жерлер өте көп.
Сосын тағы бір айта кетер дүние, біз көп ұлтты елміз. Біздегі этникалық ұлттар да ҚР азаматы болып табылады.
Бадам ауылындағы он гектар ауыл шаруышылығындағы жер ұлты орыс ҚР азаматына сатылған. Жерді сатып алған соң, ауылдың ортасынан фосфор қалдықтарын өңдейтін қытайдың зауытын ашпақшы болады. Ауыл тұрғындары болып жабылып жүріп, он гектар жер үшін екі жыл шайқастық. Түбін зерттегенімізде жаңағы жерді сатып алған апамыз қытай азаматына тұрмысқа шығып алғаны анықталды. «Ештеңе істей алмаймыз, бәрі заңды» деді. Яғни ауыл шаруашылығына арналған жерді өндіріске деп аударып, зауыт ашу үшін жерді қоршап қойған. Қоғамдық келісім өткізіп, бүкіл ауыл қарсы болып, экологиялық экспертизаны қайта-қайта талап етіп ауылға зауытты салғызбадық!
Енді қараңыздаршы ертең кез-келген ҚР азаматы шет елдік азаматқа шыққан жағдайда, «жер ортақ» деп гектарлап жер алып, өздеріне зауыт немесе қала салып алуы мүмкін.
Сол үшін біз жерді ҚР азаматтарына да сатуға қарсы болуымыз керек! Жер ол ешкімнің жеке меншігі емес, жер бәрімізге ортақ!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.