$ 448.15  483.46  4.86

Еліміздегі ең жемқор органдар белгілі болды

268 шенеунік біреудің мүлкін иемденіп, жымқырды, ал 193 адам қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2020 жылға арналған Ұлттық баяндаманы жариялады, онда ең жемқор ведомстволар көрсетілген, деп жазады Orda.kz сайты.

Бірінші орын – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. 2020 жылы 1632 қылмыс анықталды. 2019 жылы – 1717 (-5%).

Екінші орын – Ішкі істер министрлігі. Өткен жылы сыбайлас жемқорлықтың 342 фактісі тіркелді. 2019 жылы – 269 (+27%).

Үшінші орын – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 2020 жылы 89 факт анықталды. Өткен жылы – 128 (-30%).

Прокуратура органдарында 2020 жылы 68 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді. 2019 жылы 65 қылмыс тіркелген (+20%).

Пара алғаны үшін 568 адам сотталды;
Пара бергені үшін – 624 адам;
Алаяқтық үшін – 316 адам;

268 шенеунік біреудің мүлкін иемденіп, жымқырды, ал 193 адам қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жемқорлық